Жиырмасыншы жылдар журналистикасы Том 2

19.01.2038 4937
«Жиырмасыншы жылдар журналистикасы» көптомдығының үшінші кітабы «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ» басылымдарындағы публицистикалық жарияланымдарды қамтиды. Басылым беттерінде оқу-білім, отырықшылыққа көшу, ұлт театрын құру, əліпби, баспасөз мəселелерімен бірге басқа да саяси-шаруашылық, мəдени-ағарту тақырыптар ауқымды көтерілген. Баспасөз бетіндегі пікірталастар, əсіресе, латын қарпі мен төте жазуды тұтыну турасындағы, əдебиеттегі ұлтшылдық сарынмен күрес мəселесіндегі бұрынғы ескі оқығандар, жаңа коммунистік бағытта тəлім алғандар тартысы осы жылдар баспасөзінің бет-бейнесін аңдатады.

Əлихан Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Елдес Омарұлы, Нəзір Төреқұлұлы, Смағұл Сəдуақасұлы, Абдолла Байтасұлы т.б. авторлардың көсемсөздері заман тынысын анық аңғартып, басылымның маңызын арттыра түседі.

Кітап соңында мақалалар дерегі, авторлар көрсеткіші жəне сол кезде қолданыста болған атаулар мен олардың бүгінгі баламалары ұсынылып отыр.

Еңбек зерттеушілерге, журналистер мен тіл-əдебиет мамандарына, студенттерге, магистранттарға жəне көпшілік қауымға арналған.

Бөлісу: