Алаш көсемсөзі: Тіл мəселесі Том 2
19.01.2038
7550
Ұлттың тұтастығын сақтайтын рухани құндылықтардың ең негізгісі саналатын тіл мəселесі қай заманда да өзекті болды жəне өз кезеңінде ел зиялыларын бейжай қалдырмады.
Жинақта ХІХ ғасыр аяғында жарық көрген «Дала уалаятының газетінен» бастап, ХХ ғасырдың 30-жылдарында шыққан «Жас Түркістан» журналы аралығындағы Алаш басылымдарының тіл мəселесіне қатысты құнды жарияланымдары топтастырылған. Сонымен бірге мұрағаттардан алынған тарихи құнды құжаттар мен алаш қайраткерлерінің жеке жинақтарына енген тілге қатысты көсемсөздері енгізіліп отыр.
Кітап елдіктің тұғыры саналатын тіл мəселесін зерттеп жүрген ғалымдарға, алаштанушы мамандарға, сонымен бірге Алаш көсемсөзі қайнар көзінен нəр алғысы келетін жалпы оқырмандарға арналады.
Бөлісу: