Шығармалары 6 том

19.01.2038 5620
Ербол Шаймерденұлы Шығармалар жинағының алтыншы томына енген мақалалар мен көсем сөздер, түрлі жиындар мен конференцияларда, ресми шараларда сөйленген сөздер мен жасалған баяндамалар, ғылыми-көпшілік талдаулар автордың атқарған қызметтеріне орай тəуелсіздік жылдарында шешуге тура келген мəселелерге қатысты көзқарастарын танытады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы, Парламенттің баспасөз қызметінің жетекшісі, Мəдениет жəне ақпарат министрлігі департаментінің директоры, комитетінің төрағасы бола жүріп, ұлы өзгерістер кезеңін көзбен көруші ғана емес, солардың тікелей қатысушысы ретіндегі жан тебіренісі мен күйзелісін жұртшылық алдына жайып салады. Кітап еліміздің тарихын білгісі келетін, тəуелсіз даму кезеңінде қоғамда шешімін тапқан мəселелердің жай күйіне қаныққысы келетін оқырман қауымға арналған.

Бөлісу: