Махаббатқа сенуге көмектесіңізші

19.01.2038 7943
Автордың алғашқы кітабын «Өз суреті өмірдің» деп те атауға болар еді. Бесік пен бейіт арасында жүріп бара жатқан есті адамның әрқайсысы пәниден өмірдің парқын іздейді. Адам баласы тіршіліктің мәнін ізгілік пен имандылықтан, адамгершілік пен ауызбіршіліктен табатынын дәріптейтін жазбалар – өмірдің өзінен алынған оқиғаларға, сезімді селт еткізер сирек сәттерге, тіршілік түйткілдеріне құрылған. Жасандылықтан ада журналистік пайымдар мен қызықты эсселер, нәзік новеллалар оймақтай ғана ойлармен адамзатқа мәңгілік ортақ болған сауалдарға сапар шектіреді.

Бөлісу: