Қазақ тіл білімінің мəселелері
19.01.2038
12613
Ы.Е. Маманов (1907–1991) қазақ тіл білімі ғылымының үркердей шоғырына кіретін, дара тұлғалардың санатына қосылатын ғалым-ұстаз. Қазақ тiл танымында грамматикалық ойлаудың өрiстеуiне, морфологиялық iлiмнiң дамуына үлес қосқан зерттеушінің артында қалдырған құнарлы мұрасы мол. Ғалым өз зерттеулерiнде грамматиканың аса күрделi, қайшылыққа толы қиын мəселелерiн нысана етiп алды, соларды айқындаудың, себеп-салдарын табудың бағыт-бағдарын көрсетiп отырды.
Қазақ тілі грамматикасының теориялық жəне практикалық мəселелерін заманауи тұрғыдан жан-жақты қарастырған Ы. Маманов еңбегі тілші ғалымдарға жəне көпшілік тіл жанашырларына арналған.
Бөлісу: