Қазақ тіл білімінің мəселелері

19.01.2038 8418
Филология ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сайрамбаев (1937–2009) қазақ тіл білімі синтаксисінің өзекті саласы – сөз тіркесінің қалыптасу кезеңдері, даму тарихы жəне тілдік қолданыстағы өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген бірден-бір жетекші ғалым. Оның еңбектерінде сөз тіркестерінің түрлері, байланысу тəсілдері, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен үйлесімді тіркес құрау заңдылықтары баяндалады. Сондай-ақ орыс тіл білімі мен түркітану синтаксис мамандарының осы мəселеге қатысты пікірлері, оның қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесіне ықпалды тұстары талданып көрсетіледі.

Қазақ тіліндегі сөз тіркесі саласы бойынша кез келген сұраққа жауап табуға болатын зерттеуші еңбегі тілші ғалымдарға, тіл үйретуші мамандарға жəне көпшілік тіл жанашырларына арналады.

Бөлісу: