ҚАЗАҚША-НЕМІСШЕ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ АНЫҚТАМАЛАР СӨЗДІГІ
19.01.2038
5842
Назарларыңызға ұсынылып отырған «Қазақша-немісше жəне Не міс ше-қазақша дипломатиялық анықтамалар сөздігі» (құрамдас туынды) қоғам өмірінің маңызды салаларының бірі – елдің ішкі-сыртқы саясаты мен халықаралық дипломатиялық қа тынас тар ды қамтитын жəне аталған тілдердегі ұғымдарды жинақтап, түсіндірмесі мен аудармасын берген Қазақстандағы алғашқы сөздіктердің бірі. Автор жұмыс барысында осы саладағы түрлі əдебиетті, бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын, дипломатиялық хат-хабар үлгілерін, сонымен қатар өзінің Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінде жинаған тəжірибесін пайдаланған. Туынды дипломатия саласындағы қызметкерлерге, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының халықаралық қатынастар факультеттерінде оқып жүрген студенттерге, магистранттар мен аспиранттарға, сондай-ақ сыртқы жəне ішкі саясатқа қызығушылық танытушы қауымға арналған.
Бөлісу: