Екі томдық шығармалар жинағы. 2-том

19.01.2038 11385
Көрнекті қоғам қайраткері, жазушы-ғалым Мырзагелді Кемелдің екі томдық шығармалар жинағының екінші кітабына көне үнді даналығы «Панчатантраның», қытай ақылманы Лао Цзының «Дао дэ цзин», «Дао да чинг» жəне испан данасы Бальтасар Грасианның «Ақыл қалта» атты еңбектерінің аудармалары мен қазіргі заманғы ең көп оқылатын автордың бірі Пауло Коэльоның, америкалық парапсихолог Луиза Хейдің кітаптарының қазақ тіліне іріктеп аударылған нұсқалары топтастырылды.

Сонымен бірге бұл кітапқа «Өзіңді таны» атты танымдық еңбек пен Қаламқас Темірбаймен бірге аударма жасалған «Өнеге» атты кітаптан мысалдар енгізілген. Аталған шығармалар орыс, ағылшын жəне өзбек тілдерінен аударылған. Бұл кітаптардағы құнды ойлар, қабырғалы кеңестер əрбір оқырманға үлгі-өнеге берері сөзсіз.

Кітаптарды жоғарғы оқу орындарының филология, журналистика, философия, əлеуметтану, педагогика, психология жəне өзін-өзі тану пəндерінде қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға болады.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Бөлісу: