Мұхтар Әуезов және Лу Шүн

19.01.2038 6817

Синолог-ғалым, ақын, аудармашы Д.Мәсімханұлының бұл еңбегінде қазақ халқының ұлы жазушысы М.Әуезов пен қытай халқының классик жазушысы Лу Шүн, ХХ ғасыр басындағы қазақ және қытай әдебиеттері, аталған екі ұлы суреткер шығармаларындағы ұлттық дәстүр мен жаңашылдық тақырыбы салыстырмалы әдебиеттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты қарастырылады. Сондай-ақ тақырып қажетіне орай қазақ және қытай халықтары рухани, мәдени қарым-қатынасының бастау көздері мен жалпы барысы да кеңінен сөз болады.

Зерттеу қазақ әдебиеттану, салыстырмалы әдебиеттану, шығыстану, мәдениеттану ғылымы саласындағы мамандарға, жоғары оқу орындарындарындағы қазақ әдебиеті, шетел әдебиеті, әдебиеттану, қытайтану, мәдениеттану, дінтану мамандықтарында оқитын студенттерге, сонымен бірге ХХ ғасыр басындағы қазақ және қытай қоғамын, оның саяси-әлеуметтік жағдайын, мәдениеті мен әдебиетін білгісі келетін жалпы оқырманға арналған. 

Бөлісу: