Шығармалары IV том

19.01.2038 5971


Қай заманда да халықтың мұңын жоқтап, сөзін сөйлеген от ауызды орақ тілді азуды ақындар болған. Солардың жүрегінен көктеп өскен бір бұтақ - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықарлық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, Шешенстан (Ішкіжерие) Республикасының Мемлекеттік сыйлығы мен "Къоман сий" (Ұлт намысы) платина (ағалтын), алтын және күмістен жасалған  рубин (жақұт) тасы еңгізіліп безендірілген орденіның және Ресей Федерациясының Сергей Есенин алтын медалінің иегері, көрнекті ақын Рафаэль Ниязбек. 

Ол қолына қалам ұстағалы бері елдің - елдігін, ердің - ерлігін жырлаудан танған емес. Оның қай өлеңінен де ерлік іздері сайрап жатқан сардаланың көркем келбеті биік өреде айқып көрінеді. 

Ақынның төртінші бұл томдығына еңген өлеңдері де ұлттық бояуының қанықтылығымен, эстетикалық көркемдігімен, өжет мінезділігімен, қызу қандылығымен ерекшеленеді. Оқыған кісінің намысын жанып, рухтандырып отырады. Оқушы жүрегіне сара жол табады деп сенеміз.    

Бөлісу: