Қанжоса ғасыр

19.01.2038 6567
Жазушы Табыл Құлыяс - "Кесілген бұрым", "Сауда сақал сипағанша", "Қоңыраулы күлкіграмма", "Жалмауыз" және басқа сатиралық кітаптарымен қатар "Ши оқ", "Қара терең" романдарының авторы. 
Табыл Құлыястың жаңа кітабы өткен ғасырдағы қуғын-сүргін зобалаңына арналған. 

жазушы мұрағаттық құжаттармен қатар өмірдеректер арқылы заман қайғысын нанымды суреттеуге ұмтылады.

Сталиндік зұлматтың мұң-шері ұмытылмақ емес. Ұлтымыздың баудай түсіріп, қылыштай қиған екі бірдей аштық та сол тасқұдайға табыну зардабынан екені аян. шығарманың басты кейіпкерлері қанқұйлы қайғылы оқиғаларды кейінгі ұрпаққа сабақ ретінде, аманат есебінде айтады. Бұл бүгінгі еркін елдік қасиетімізді бағалауға, ұлттық бірлікке дақ түсірмеуге меңзейді.

Бөлісу: