Қырғын

19.01.2038 7206
ХХ ғасырда "коммунизм елесі" әлемді кезіп жүріп халықтардың қанын судай ағызды. Дүние теңселіп, саясаттың әр қимылы үрейге толып, жаппай қырғынға қадам басты. Дүлей күш адам құқын таптап, еркін күнкөрісінен айырып, тарихында түрме болмаған Қазақ елін жазылылардың ажал зынданына айналдырды.

Сол 20-жылдардан бастап аштыққа ұрынған Еділ бойындағы 23 миллион халықтың біразын Қазақ еліне күштеп жер аударды. Алапат аштық қырғыны басталып ұлт болашағы - 480 022 баланың көбі бір жылдың өзінде әке-шешелерімен бірге қырылып қалды. Қанды қырғын онымен тоқтаған жоқ. Қазақ еліне басқа елдерден қылмысты деп танылған 21 979 адам тұтқындық жазасын өтеді. Міне, Табыл Құлыястың жаңа кітабында сталинизмнің қанды қасабы хақында жаңа деректер құнарлы тілмен, бұлтартпас құжаттармен баяндалады. "Қызыл қырғыннан" аман қалған қазақ шаңырағы жоқ. Бүгінгі ұрпақ тілегі - жұмыр жердегі тыныштықтың мәңгі болуы ғана.

Бөлісу: