Шығармалары V том
19.01.2038
5588
Қай заманда да халықтың мұңын жоқтап, сөзін сөйлеген от ауызды орақ тілді азуды ақындар болған. Солардың жүрегінен көктеп өскен бір бұтақ - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықарлық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, Шешенстан (Ішкіжерие) Республикасының Мемлекеттік сыйлығы мен "Къоман сий" (Ұлт намысы) платина (ағалтын), алтын және күмістен жасалған рубин (жақұт) тасы еңгізіліп безендірілген орденіның және Ресей Федерациясының Сергей Есенин алтын медалінің иегері, көрнекті ақын Рафаэль Ниязбектің бұл томдығына енген олеңдерінде Елбасының саясаты, дара келбеті, жаратылыс-болмысы биік өреде жырланып, жарқырап ажарлы көрінеді. Туған елдің тұрлауы тағдыры, бүгінгі тұрмыс тіршілігі, болашаққа жол тартқанкөрікті көшінің сән-салтанаты да көркем тілмен шебер суреттелген.
Ал, ақынның "Жүрсін туған елдің биігінде" деп аталатын топтамасында әдебиет пен өнердің жанашыры, ардан туған ел азаматы Серік Әбікенұлы Үмбетовтің жарқын бейнесі бедерлі бейнеленген.
Р. Ниязбектің бұл томдыққа енген басқа өлеңдері де өрелі жазылған. Бұлар жан-дүниеңе рух беретін оттылығымен де, ойлы, шынайы терең сезіммен тебіреніп, шебер жазылуымен де жүрек баурайды.
Бөлісу: