Ең ғажайып хикая
19.01.2038
8213
Бастары істі болып, айдалып кеткен азаматтарының соңынан қазақ әйелдері де қоса кетті. Елде қалғандарын шолақ белсенділер мен қызба жігіттер қудалауға түсірді. Осындай қыспақтан құтылудың жалғыз жолы ел ішінен аулаққа кету еді. Романдағы Баршын аталатын әйелдің де көрген күні осыған саяды. Кішкентай қызын ертіп, бір түнде елден қашады. Жол білмейді. Қала көрмеген. Кең далада түнейді. Ақыры, арып-ашып қалаға жетіп, қилы-қилы тағдырды басынан өткізеді. Кітаптағы екінші шығармада жалпы әдебиетте көрініс бермеген сиыр малының өзіндік психологиясы суреттеледі.
Бөлісу: