Шығармалары. Көп томдық.ІІ том

19.01.2038 7279
Белгілі қаламгер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алдан Смайылдың бұл шығармалар топтамасына бірнеше повестері мен әңгімелері енген. «Тайга» повесінде ХХІ ғасырдағы рухани-технологиялық өзгерістерден бейхабар өмір сүрген, ну орманда өркениеттен біржола оқшауланған ауыл адамының қилы тарихы әсерлі суреттеледі. Жазушы шырқау шыңына жеткен өркениеттің аясында тағылыққа тән қатыгездік пен арсыздыққа неге жол берілетіндігіне жауап іздейді. «Арқаның Бетпақ деген даласы бар», «Соңғы жаз», «Найзақара», «Киік ғұмыр» повестерінде жазушы қазақ қоғамында бағзыдан бар ұлттық ізгі қасиеттер мен соларға кереғар мінез-әрекеттердің қайшыласуын суреттей отырып, бүгінгі қоғамға еуропалық және жаһандық дәстүрлердің ықпалы туралы көркем әңгімелейді.
Жазушының өмір шындығымен астасып жатқан әңгімелері адам тағдыры мен қоғам бейнесі арасындағы нәзік байланыспен ұштаса отырып түйінделген.
Қаламгер қаламының бір ерекшелігі – бүгінгі шындықты әсерлі аңыздарға айналдыра отырып бейнелеуі.

Бөлісу: