Шығармалары. Көп томдық.4-том

19.01.2038 5999
Жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алдан Смайылдың бұл кітабына деректі-танымдық туындылары топтастырылды.

Шығармада оқырман қазақ жерінің, оның ішінде ұлан-байтақ Сібірдің Ресейге қалай өткенін 1554-1800 жылдар аралығындағы тарихи өзгерістер арқылы сараптайды. Еңбек Алты Алаштың Бөгенбай, Олжабай, Аралбай сынды аруақты батырларының ерлікке толы ғұмырбаяны кеңінен әңгімеленетіндігімен де құнды.

Тарихты сан құбылтқан саяси оқиғалар мен қазақ халқына аса ауыр тиген қуғын-сүргін, аштық, т.б. қатыгез науқандар жайлы мақалалар тың деректермен ерекшеленеді. Ал өткен ғасырдың соңында Ақмола қаласы мен өңірінде болған саяси тартыстарды автор куәгер ретінде баяндайды. Бұл кезең де қазақ халқы үшін тағдырлы кезең болатын.

Бөлісу: