Орталық Азиядағы арийлердің өркениеті
19.01.2038
6110
Белгілі археолог-ғалым, ҚР ҰҒА құрметті академигі, тарих ғылымдарының докторы У.Х. Шəлекеновтың үш томдық ғылыми еңбектерінің екінші томына «Орталық Азиядағы арийлердің өркениеті» еңбегі еніп отыр.
Кітап əлем халықтарының тарихында əлі шешімін таба алмай келе жатқан өзекті мəселелердің бірі – арийлер этносына арналған. Кейінгі ғасырларда жиналған бай жазбалар мен артефактілер негізінде бұл мəселе жаңаша көзқараста сəулелендірілген. Зороастризм дінінің қасиетті кітабы Авестадан арийлер этносының пайда болып, дамыған орталығы Орталық Азия екендігін дəлелдейтін деректер келтіріле отырып, олардың табиғи-жағрапиялық өрбіген орталығы, мəдениеті, археологиялық ескерткіштері, этнологиялық наным-сенімдері, діни ұстанымы, жалпы рухани мəдениеті кеңінен талданып, ғылыми тұжырым жасалады. Бұл түркітектес халықтардың түп-тегі – арийлер тарихына кешенді көңіл бөлінген алғашқы ғылыми еңбек. Екінші томға сондай-ақ автордың қазақ халқының өркениеті туралы жарық көрген еңбегі де енген.
Бөлісу: