Туған күн

19.01.2038 9804
Белгілі ақын Ертай Ашықбаевтың алуан тақырыптағы жеңіл де жатық, ойнақы да ойлы өлеңдері, тапқыр көріністік сипаттағы дүниелері, танымдық шуақты шумақтары балалар психологиясын дөп басады. “Жалын” баспасының республикалық жабық конкурсында (1982, 1986, 1991, 1994), халықаралық “Дарабоз” бәйгесінде (2010, 2011, 2012, 2014), республикалық “Балауса” бәйгесінде (2013) жүлде алған өлеңдер топтамалары шырайын кіргізіп тұрған бұл еңбек бөбектер мен мектеп оқушыларына қоса тәрбиешілер мен мұғалімдер, ата-аналар үшін де рухани серік, бағалы бағдаршам десе де болғандай.

Бөлісу: