Әкемнің әлемі
19.01.2038
5391
Автордың бұл шығармасы – нақтылы деректерге негізделгеніне қарамастан, көркем дүние. Кейіпкері – Ұлы Отан соғысының ІІ топтағы мүгедегі, еңбек ардагерінің өмірбаянындағы оқшау оқиғаларды тілге тиек ете отырып, ұлттық ұлағатты құндылықтарымыз: ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері, табиғат тынысынан тың тыңдап өскен өрен жұрттың парасаты мен пайымы, мәрттігі мен мәдениеті, өресінің өзіндік өрінен лайықты орын берген далалық педагогикасы - текті тәрбиесі; ауылынан алыстап ешқайда шықпаса да ғаламдық құбылыстар мен өзгерістерді саралауға тырысқан балаң құштарлығы; тарихқа айналған тылсым мен болашақ алдындағы парыз хақындағы пікірі жайлы жан-жақты талдау жасайды. Сонысымен де өскелең ұрпақты ұлтымызды ұлықтап, отансүйгіштікке шақыруымен қатар, жаһандану үрдісіне жұтылып кетуден сақтандырудың сауапты жолдарын алға тартады.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Бөлісу: