Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы
19.01.2038
6445
Ислам дінінің ұстанымдары мен оның ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан тәжірибесіне үңілген кез келген жан Ислам мен лаңкестіктің, экстремизмнің т.б. адамзатқа қарсы қастандықтардың бір-біріне мүлдем жат екеніне куә болады. Мұхаммед (с.а.с.) үмбетін терроризм, экстремизм сияқты қанқұйлы әрекеттермен байланыстыру асыл дінімізге күйе жағып, нұқсан келтіру мақсатында жасалып жатқан ақпараттық жымысқы насихат екені көрінеді. Исламның шынайы келбеті мен жалған «діншілдердің» ара жігін ажыратып, халайыққа нақты жағдайды ашып көрсету мақсатын ұстанған осы жинақта белгілі қоғам және дін қайраткерлері бірауыздан Исламдағы «жиһад» ұғымының лаңкестікке ешбір қатысы жоқ екеніне дәлелді жауап береді.
Бөлісу: