Жат құшақ

19.01.2038 8728

Қойшыбек Мүбарак – бүгінгі әдебиетіміздің өз тақырыбын тапқан талантты жас қаламгерлердің бірі. Оның әңгімелері бабаларымыздың кез-келгенді тереңіне бойлата бермес рухани асыл мұрасы іспеттес халықтық мифологиямыздан бастау алып жатады.

Көне дүниетаным, оның бүгінгі ұрпаққа айтар ескертпелері, заманауи өзекті мәселелердің байырғы аңыз, ырым-жолалғы секілді халықтың киелі түсініктермен салыстыра өрілуі – қолдарыңызға тиіп отырған “Жат құшақ” әңгімелер жинағының да басты ерекшелігі, соны жаңалығы деп айтуға толық қақымыз бар.

Жинақтың оқырман талғамынан шығып, жоғары баға алатындығына сенімдіміз.  

Бөлісу: