Сексеуілдің шоғы

19.01.2038 7022

Қытай қазақтарының басты əдеби басылымы – «Шұғыла» журналының Бас редакторы болып қызмет істейтін, талантты ақын Тəпей Қайысханұлының жаңа жыр жинағы аты мен затына ғажайып үндестік бар. Терең танысқан адамға ақын өлеңдері қызуы мол, тұла бойды тұтас шарпитын сексеуілдің шоғындай сезіледі. Тəпей өлеңдерінің ырғағы ерекше. Ұйқастар үйлесімі де мəнерлі. Өлеңдері төгіліп тұрады. «Сексеуілдің шоғы» жинағындағы ақынның лирикалық кейіпкері бастап кешкен саналуан сезімдер оқырман жүрегіне жылы жол тауып, əр кеудеге сексеуілдің шоғындай ыстық қоламта ұялатары анық.

Бөлісу: