Ежелгі ұлыс тарихы

19.01.2038 6667
Шынжаң өңіріндегі белгілі ғалым, айтулы қаламгер Сұлтан Жанболат осынау кітап өзегіне айналған үйсінтану тақырыбына өз өмірінің 30 жылын арнаған екен. Қазақ тарихына қатысты талай шындықтың беті бүркеулі жатқан қытай жылнамаларындағы ақиқаттарды ашуға автор көп күш жұмсаған. С.Жанболат бұл кітапта ежелгі Үйсін ұлысының тарихын сарабдал сараптаудан өткізу арқылы қазақ ұлтының қалыптасу кезеңдеріне жіті көз жібереді.

Кітап ұлтымыз тарихындағы жоталы шындықтарды танығысы келген əрбір оқырман үшін қызғылықты дүниеге айналары даусыз.

Бөлісу: