Қасым Аманжолов. Таңдамалы шығармалары

19.01.2038 9919
Қазақтың классик ақыны Қасым Аманжоловтың бұл жинағына оның шығармашылығының әр жылдардағы қолтаңбасын айқындайтын жырлары енгізілген. Қасым жырларынан сол дәуірдегі қазақ әдеби ойының көкжиегі аңғарылады. Ақынның өлеңдері жылнамалық ретпен берілмесе де, өзіндік өрелі желісімен оқырманын сыршыл сезімге жетелейді. Қазақ жырының ХХ ғасырдағы ордасы болған Қасымның ойлы жырлары әр дәуірдегі жырсүйер жаранды дәйім ұлтын, жұртын, жас ұрпақты ертеңге сергек көзбен қарауға үндейді.
 
Жинақты “Қасым“ журналының бас редакторы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серік Сағынтай құрастырды.

Бөлісу: