Алаш жолы
19.01.2038
11119
Белгілі жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың оқырман назарына ұсынылып отырған «Алаш жолы» рисәләсі қазақ азаттық қозғалысы тарихынан сыр шертеді. Қолдарыңыздағы кітапқа рисәләнің «Аңсау», «Тамыр», «Айбат» атты бөліктері енген. «Аңсауда» – Алаш қозғалысын өмірге әкелген ХХ ғ. басындағы отарлық ахуал, саяси-әлеуметтік тыныс-тіршілік суреттеледі, халықтың мұң-мұқтаждықтары туралы үкіметке петициялар беруге рұқсат еткен ақ патшаның белгілі рескриптіне сәйкес, қазақ интеллигенттерінің Қарқаралы жәрмеңкесіне жиналып, тарихи тілекхат әзірлеуі әңгімеленеді. «Тамырда» алғашқы орыс революциясының дүмпуімен жалпыресейлік мұсылман қозғалысының күшеюі, ашық әрекетке шығуы, тұңғыш съезін өткізуі, оған қазақ қайраткерлерінің қатысуы сөз болады. «Айбатта» қазақ жерінде жаңа өркениетке сай демократиялық өзгерістер жасау үшін күресу нәтижесінде еліміздің болашақ қоғамдық-саяси келбетінің алғашқы нобайлары түзілгені көрініс табады. Аталмыш шығармалардан оқырмандар Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Серәлі Лапин, Жақып Ақбаев, Исмаил Гаспринский, Әлимардан Топчибашев, Әбдірәшит Ибрагимов, Шаһмардан Қосшығұлов сынды тарихи тұлғалардың азаттық қозғалысының бастапқы жылдарындағы қызметімен танысады.
Кітап қазақтың ұлттық азаттығын көксеген Алаш қозғалысы тарихымен әуестенетін көпшілікке, жастарға арналған.
Бөлісу: