Қазақстан халқы Ассамблеясы- ел тарихында
19.01.2038
6894
Кітап Қазақстан халқы ассамблеясы мен ел Конституциясының 20 жылдығына арналған. Ассамблея тарихы Қазақстанның барлық халқы, ел және жекелеген тұлғалардың тарихы негізінде жазылған.
Басылым мемлекет және саяси қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, спортшылар мен қазақ диаспорасы өкілдерінің сұхбаттары негізінде дайындалған. Олардың әңгімелері негізінде Қазақстанды дамудың даңғыл жолына жетелеген ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге негізделген қазақстандық саясаттың іргесін қаланған принциптер жан-жақты ашылған.
Кітап жалпы оқырман қауымға арналған, онда сұхбат берушілердің айырықша ой-пікірлері мен көзқарастары жазылған. Сондықтан ол Қазақстанның қарапайым азаматтарына, шетел бизнесмендеріне, инвесторларына, туристерге, жастар мен ғылыми орта үшінқызықты болар деп үміттенеміз.
Бөлісу: