Алуа

04.11.2017 10446

 

Бұл – Гүлбақыттың үшінші жыр жинағы. «Алуа» атты тырнақалды кітабымен-ақ өнерсүйер қауымның ыстық ілтипатына бөленіп үлгерген ақын шығармашылығында өсу бар, өрлеу бар. Мұның бәрі – әрине, талмай іздену мен талпынудың, еңбектенудің жемісі.

«Қыздың жиған жүгіндей» әдемі қиюласып, қисынын таба тізіле қалған бейнелі теңеулері мен кестелі сөз тіркестерінің оқырмандарын бей-жай қалдырмасы анық. Тақырып ауқымы да кең.

Дүлдүл әнші Дәнеш Рақышев жайлы жазылғын «Ән ақберені» атты поэмасының құрылымдық-тәсілдік жаңалықтары өз алдына.

Кітап жалпы жырсүйер қауымға арналған. 

Бөлісу: