Мырзашөл балладалары

03.07.2018 8207

Ақынның бұл кітабына балладалары, өлеңдері, термелері, аудармалары және дастандары тұңғыш рет топтастырылып, жарық көріп отыр. Қаламгердің Журналистер одағының сыйлығын алған «Аманат», Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар сыйлығының иегері атанған «Мырзашөл», балаларға арналған «Балқаймақ», «Отырартөбе», этнографиялық тақырыптағы «Көкпаршылар», сондай-ақ, «Қоңырат руының шежіресі және оған қатысты әңгімелер» атты кітаптары кезінде көп таралыммен жарық көріп, оқырман құрметіне бөленген. Ал өлеңдеріне жазылған әндер ел аузында тарап айтылып жүр. Әсіресе, «Алға қазақ жігіттері» өлеңіне жазылған ән Олимпиада төрінен шырқалып қазақ елінің мәртебесін көтерді. Ақынның Қазақстанда тұңғыш рет құрған «М-Талант» баспасы жеті жүзден астам авторлардың кітаптарын жарыққа шығарды.


Мырзашөл тақырыбы бұл кітапта бекер көтеріліп отырылған жоқ. Себебі, көрші елде қалған ұлан байтақ жеріміздің әдеби, мәдени және этнографиялық жәдігерлері өлең тақырыптарына арқау болған. Туған жер, атамекен, сағыныш арқаулары кітапты тұтастай мағыналық биікке көтереді. Тілі жатық, сөзі орамды, көптеген өлеңдері ел аузында жатқа айтылып терме болып жүрген ақынның бұл шығармалары да жұртшылыққа тұщымды рухани байлық сыйлайды деп сенеміз.


Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Бөлісу: