Мырзашөлге сапар
Димекең туралы сөз айту - адалдық туралы сөз айту деп ойлаймын. Қазақ халқы өз перзентін жаладан қорғап, адалдыққа араша түсе білді. Шындықты жел сөзден іздейтіндер Дінмұхамед аға жайлы жалған деректерді қаншама үйіп төксе де аққа дақ жұқпады. “Ақтың отын ақымақ өшіре алмайды” деген сол. Өзімен кездескен, сұхбаттасқан әсерді жазбақпын. Ал, жалақорлар мен көбікауыздар Алладан өз жазасын түбінде алар деген ойдамыз. Д.А.Қонаевтың көп жылдар Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып жүрген кезінде халық үшін қаншама еңбек сіңіргенін жоққа шығаруға болмайды. Дінмұхамед ағаның СОКП Саяси Бюросының мүшесі болып, ел өміріндегі күрделі мәселелерге араласуын орынды мақтаныш тұтамыз. Оның есімін де, еңбегін де қазақ халқы қашанда құрметтеп, жүректерінен өшірмейтінін айта кетпекпіз.
Бөлісу: