Баянғали Әлімжанов 13-том

10.03.2020 4695

Ақын, жазушы, драматург, жыршы, манасшы Баянғали Әлімжановтың бұдан бұрын - 2015-2016ж. - он екі томдық шығармалар жинағы жарық көрген болатын. Оның сан қырлы еңбегі табиғи жалғасып, енді он алты томға айналып отыр. Шығармалар жинағының он үшінші томына кейінгі жылдары жазылған жаңа пьесалары мен киноповесі, зерттеу, мақала, сұхбаттары топтастырылған. Қазіргі заман тақырыбына арналған комедиялары да, балаларға арналған пьеса да қызық, тартымды. Оларға өзек болған оқиғалар да өзгеше, кейіпкерлері де ерекше, күлкіге қарық қылып, ойға батырады. Ал «Батыр болмақ сойдан-дүр» атты батырларға арналған еңбегі ата – бабалар аңыздарымен қоса, әлем халықтарының да тартымды хикаяларын қамтыған, дерегі де, берері де мол дүние. 

Бөлісу: