Баянғали Әлімжанов 14-том

10.03.2020 4875

Ақын, жазушы, драматург, жыршы, манасшы Баянғали Әлімжановтың бұдан бұрын \ 2015-2016ж.\ он екі томдық шығармалар жинағы жарық көрген болатын. Оның сан қырлы еңбегі табиғи жалғасып, енді он алты томға айналып отыр. Шығармаларының он төртінші томына ақынның кейінгі жылдары жазылған, сан алуан тақырыпты қозғайтын, жанға шуақ құйып, ізгі сезімдерді оятатын мейірімді һәм қиянат, қысастыққа қарсылық танытатын өршіл рухты жаңа өлеңдері, поэмалары мен жыр-толғаулары, балаларға базарлығы мен қысқа қайырым – қостаған, үштаған, төрттаған, бестаған жырлары жинақталған. Ақынның жер-жаһан халықтарына арналған тартымды өлеңдері қазіргі қазақ поэзиясының ғаламға қанатын кең жайғанын айғақтай түседі. 

Бөлісу: