Жолда қалған таяқ
22.05.2020
9036
Жастардың өмірін арқау еткен «Медет», «Арайлым» («Он бес жыл өткен соң») романдарымен барша оқырман қауымға жақсы таныс жазушы Естай Мырзахметұлының бұл жинағына бұдан 25-30 жыл бұрын жазған әңгімелері енгізіліп отыр. Кейіпкерлерінің басым бөлігі – жасөспірімдер мен балалар. Сондай-ақ, автордың атақты Біржан сал жайында деректі сыр шертіп, кейбір әндер туралы пікір айтқаны да жастарымыз бен жасөспірімдерімізге пайдалы деп ойлаймыз.
«Абайжан» атты хикаясы – жазушының аса білімді, жетекшілік, ұйымдастырушылық қабілеті мол болған ғалым ұлы Абайдың қапияда қазаға ұшырауымен байланысты жазылған, өкініш-налаға, әкелік сағынышқа толы шығарма.
Бөлісу: