«Сакура»
07.09.2020
11727
Бұл жинақта сонау Тәңір тауының баурайында қалған, ертегідей бір ауылдың қойнына қысқан күллі болмыс-бітімі ақмоншақ жырға айналған. Қасиетті Хан-Тәңірінің қарлы шыңдарынан әлі күнге пері көшін көретіндей, тылсымның әр алуан жұмбақ сырларын сыр қылып шертетін, өтіп бара жатқан өреуіл дәуірдің бойжасау кезіндегі ақтық сөзі, асыл тұмарындай. Қаңтарда да бұрқылдап қайнап жататын қайнардың қатпас суындай ақын сезімі адамзат баласына ортақ асқақ махаббат пен ыстық сағынышқа айналады. Кітап аты қазақ даласында өспейтін «Сакура» ағашы туралы болғаны да сол үшін екені шүбәсіз.
Бөлісу: