Қорғансыздың күнін кешкендер

21.09.2020 6275

 

Кітапта алаштық жазушылар А.Байтұрсынұлының, М.Дулатұлының, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытұлының, М.Əуезовтің шығармашылықтағы отаншылдық ұстанымы, осы ұстанымды əдебиеттану ғылымы арқылы қорғағаны үшін əдебиеттанушылар Е.Исмайлов пен Қ.Жұмалиевтің советтік билік тарапынан жазалануы жəне азаматтық құқықтарының аяқ асты болуы баяндалады. Автордың көрсетуінде ұлт қаламгерлері қазаққа өз отанына иелік құқын қайтаруды ғана талап етті. Артық ештеңе сұраған жоқ. Сол үшін «қазақ ұлтшылдары» ретінде жазаланды. Кітаптың екінші бөлігінде əдебиетшілер мен əдебиеттанушы Қ.Жұмалиевтің сот ісіне қатысты Ресей Федерациясының Мемлекеттік архиві (ГАРФ) қорларынан алынған құжаттық материалдардың түпнұсқасы берілді. Кітап оқытушы мамандарға, студент жастарға, сондай-ақ көпшілік оқырманға арналады.

Бөлісу: