Қанды жол
09.10.2020
6140
Қазақтың белгілі жазушысы Ұзақбай Доспанбетовтің бұл «Қанды жол» атты романында қазақ тарихындағы ең бір қайғылы, қаралы кезең – жиырмасыншы ғасырдың 1928–1931 жылдарындағы ашаршылық, кәнпеске, ел-жұрттың Қытайға, басқа да шетелдерге ауа көшуі, ОГПУ солдаттары ұйымдастырған қанды қырғындар – бәрі нақтылы болған ащы шындықтар негізінде суреттелген. Романның бас кейіпкері – Жетісу, Қоғалы өңірінің тумасы Ұлы жүз, Қызыл-қаңлы руынан шыққан Құндақбай Төлендіұлы өзінің көзсіз ерлігі, мергендігі, оқ дарымастығы, басқа да қасиеттері арқасында осы жайлардың бастан-аяқ басы-қасында болған.
Бөлісу: