Қауыс

18.11.2020 5498

Қауыс – көне күнтізбедегі қараша айының атауы. Автордың сарғайған сағынышы мен құлазыған салқындықтан туған «қауыс ғазалдары» осы кітапқа топтастырылған. Ақын «Ай тұтылған қарашадағы» өзінің «Қарға қаптаған ауылын», онда қалған ескі күндердің елесін, өткен шақтарының топыраққа сіңген іздерін жиі сағынады, іздейді. Бұл оның-өзін-өзі іздеуі. «Жағалаудағы жалғыздығын» ертіп, «Айлысыз айлардың» қараша жапырағын кешіп келе жатқан ақынның жәутең көзді құс жанарындағы мөлдірліктей өлеңдері сізді де сағыныш маусымы мен аяулы сәттерге бастап апары күмәнсіз! 

Бөлісу: