Ұмытшақ көктем

29.03.2021 3296

Бұл кітап жас ақын Арқалық Әмәлиятұлының тұсаукесер жыр жинағы. Еренқабырға тауынан ауған киіктей қиыр жайлап жүрген қоңыр мінезді ақын жүрегінің бойтұмары - сағыныш. Ақын кіндігі байланған ауылына, Күнікей көктеміне сағыныштан мұнара тұрғызады. «Ұмытшақ көктем» атты бұл жинаққа сол ақкөбелек сағыныштан туындаған тұма жырлар топтастырылған. Ақынмен бірге «Бейуақ сапарына» шықсаңыз өзінің әлемет әлеміне бастап апарары хақ. Кітап жалпы жыр сүйер қауымға арналады.

Бөлісу: