Кемел Тоқаев шығармалары 5 том
26.07.2021
6979
Бесінші томға қаламгердің «Замандастар сыры» атты деректі жазбалары еніп отыр. Мұнда ол соғыс жылдарында туысқан Украина жерінде қайсарлық танытып күрескен партизандар өмірін байсалдылықпен әңгімелейді.
Бес томдық шығармалар жинағының түйін сөзі ретінде Қ.Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» эссесі, сондай-ақ қаламдастары мен замандастарының естеліктері де берілді. Олардың терең тебіреніске толы жан-жақты сараптау тұрғысында жазған естеліктері қаламгердің бар болмас-бітімін айрықша шынайылықпен сыр етіп шертеді. Кітаптың қызғылықты оқылатыны сөзсіз.
Бөлісу: