Улуру
22.08.2022
Қазіргі заманда интернет арқылы кім-кіммен таныспай жатыр? Біз де таныспыз неше түрлі жандармен. Сонау Америкада, Ұлыбританияда, Жапонияда, тіпті жердің арғы бетіндегі Австралияда да достарым бар. Африкадан да қара қыздар хат жазып тұрады. Бұған университетте әжептеуір меңгеріп алған ағылшын тілі көмектеседі. Ағылшын тілінде жазылған жазбаларды жақсы түсінемін. Бірақ сөйлесуге жоқпын. Құлағым қақпайды. Бұған тәжірибенің жоқтығы кесірін тигізіп жүр.
Бөлісу: