Қызыл жебе

10.04.2023

«Қызыл жебе» романы Шерхан Мұртазаның тарихи негізде жазылған еңбектерінің бірі. Романда қазақ қоғамының көлеңкелі келбеті, асау өмірдің ойлы-қырлы қалтарысы, қу дүние, атақмансапты адамдықтан жоғары қойған жанның түрлі сұрқиялыққа баратыны, зұлымдыққа ұшыраған мазлұмның зар-мұңы, күйініші, әлсіздің күштіден көрген қорлығы, дәрменсіздігі асқан шеберлікпен, әрі әсерлі бейнеленген. Білім, өнер, иман сынды шуақты құндылықтар адамдардан жырақта болғанда, қоғам басына келетін кесапаттың жойқын болатыны кітап астарында жасырылған ой мәйегіндей. Кітап барша оқырманға арналады.

Бөлісу: