Өмір мен өнер

19.01.2038 7740
Өмір мен өнер

     Көрнектi қоғамм қайраткерi, өрелi өнертанушы Iлияс Омаровтың жүз жылдығына арналған бұл жинаққа оның руханиятымыздың болашағына сенiм артқан әрi iзгiлiк пен өнегенi мұрат тұтқан елеулi еңбектерi берiлдi. Iлияс Омаров – аса жоғары мемлекеттiк қызметтер атқара жүрiп, ұлттың өнерiмiз бен мәдениетiмiздiң өсiп-өркендеуiне асыл сөзiмен де, iргелi iсiмен аянбай атсалысып, оның нағыз жанашыры, қамқоршысы, ұлықтаушысы болған ұлтжанды тұлға.
     Жинаққа Iлияс Омаровтың кезiнде жарық көрген еңбектерiнiң таңдаулылары, әр түрлi тақырыпта жазылған очерктерi мен мақалалары, өлең-жырлары, сондай-ақ замандастарының зиялы азамат, ұлт перзентi туралы толғаныстары, оның бекзат болмысын айғақтайтын естелiктерi енгiзiлiп отыр.
     Кiтап көпшiлiк оқырманға арналады.

Бөлісу: