Тəуелсіздікке тарту

19.01.2038 9168

Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне арнап, Астана қаласы Мəдениет басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы бірлесе отырып, «Тəуелсіздікке тарту» атты тəуелсіздіктің асыл мұраттарын арқау еткен – азат Ақордасы Сарыарқа төсінде бой көтеріп, əлемге танылған Қазақстан мемлекетінің мəртебесін асқақтатқан, жаңа заманның жаңа тарихын толғаған топтама өлеңдерге, толғаулараға, поэмаларға мүшəйра жариялаған еді.

Бұл жинаққа жүлделі орын алған жəне мүшəйра талабына лайық туындылар іріктелініп алынды. Тəуелсіздік тарихының қыр-сырын ашуға ат салысқан, көркемдігі жағынан да, ақындық деңгейі жағынан да биік, тəуелсіз қазақ мемлекетінің тарихына, поэзиясына қосылған еңбектер оқырмандарын қуантып, халқымыздың қазынасына айнала- ды деп ойлаймыз.

Бөлісу: