Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді... 3 том

19.01.2038 13819

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Әлібек Асқаровтың “Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді…” романы – оқырман қауым жылы қабылдаған шығармалардың бірі.

Роман өткен ғасырдың соңындағы “қайта кұру” деп аталған реформалық өзгерістердің қазақ ауылына әкелген қилы-қилы әсерін әңгіме етеді. Әдемі әзіл, өткір юмор арқылы жазушы ауыл адамдарының алуан түрлі характерлерін ашады. Жеке адамның басындағы қызық та күлкілі оқиғалар арқылы жалпы қоғамды жайлаған трагедиялық ахуалдарды астармен нұсқап отырады.

Бөлісу: