Сенім

19.01.2038 11772

Белгілі қазақ жазушысы Зейін Шашкиннің таңдамалы шығармалар кітабына оның «Теміртау» (1960) және «Сенім» (1966) романдары енген. Қазақстан Магниткасының еңбеккерлері туралы баяндайтын «Теміртау» романының бас кейіпкерлері – жас металлургтер Дәмеш, Ораз және Қайыр. Олардың өзара қарым-қатынастары өндірістік мәселелер аясында өрбиді. Жазушының психологиялық шеберлігі арқасында кейіпкерлер бүкіл қыры-сырымен, қайшылығымен жан-жақты көрсетілген, шығарманың сюжеті тез өрбіп отырады, оқиғалар еркін және қызықты баяндалған.

«Сенім» романында ел мен жер тағдырырына қатысты мәселелер, жерді көздің қарашығындай сақтау қажеттігі сөз болады. Зейін Шашкин тың науқаны басылмай тұрған кезде шабындық жерлерді беталды жыртудың жөнсіздігі, жердің азуы, эрозиясы секілді мәселелерді романның бас кейіпкері агроном Нұрлан Сенбиннің бейнесі арқылы қазақ әдебиетінде тұңғыш көтереді.

Бөлісу: