Ер Жәуке мінбегенмен алтын таққа

19.01.2038 8090

Бұл кітапта әйгілі Кенесары – Наурызбай басқарған ұлт-азаттық қозғалысының қаһармандарының бірі, жаужүрек Төлек Жәуке батырдың өшпес ерлігі мен елжандылығы, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі баяндалады. Жәуке батыр Назарғұлұлының тұлғасын мүсіндейтін, образын ашатын талай көркем шығармалар мен толымды зерттеулер келер күндер әңгімесінде десек те, оқырман әлеумет назарына ұсынылып отырған тарихи деректер мен хикаяттар, оның ұрпақтарының шын жүректен шыққан лебіздері сол үлкен үрдістің алғашқы бастамаларының бірі деп түсінген дұрыс.


Кітапта сондай-ақ автордың ел тәуелсіздігінің соңғы 20 жылдығында атқарылған жұмыстарды ой елегінен өткізетін көсемсөздік мақалалары мен эсселері, деректі әңгімелері топтастырылған. Автор аға ұрпақ өкілдері мен біздің замандастарымыз арасындағы дәстүр сабақтастығына, қазақстандық патриотизмді, елжандылық қасиетті қалыптастыру мәселелеріне айрықша назар аударады.

Кітап көпшілік қауымға арналған.

Бөлісу: