Алтын қазық
Белгiлi әдебиетшi, профессор Өтеген Күмiсбаевтың «Алтын қазық» деп аталатын кiтабына автордың соңғы жылдары жазған ғылыми-зерттеу еңбектерi, мақалалары енгiзiлдi. Белгiлi шығыстанушы әрi ақын, ғалым Ө.Күмiсбаев қазақ әдебиетiндегi ақтаңдақтарды зерттеу саласына салмақты үлес қосып келедi. Шәкәрiм Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев секiлдi көрнектi әдебиет қайраткерлерiнiң поэзиялық шығармаларын ежелгi шығыс әдебиетiмен салыстыра зерттеп, әдебиеттер байланысына жаңа беттер қосқан.
Автор араб-парсы-қазақ-түрiк әдебиеттерiнiң көне және жаңа замандағы байланыстарына зер салып, қазақ, орыс тiлдерiнде бiрнеше ғылыми зерттеулер, монографиялар жазды.
Бiрнеше тараудан тұратын осы кiтапқа да әдеби сыннан, талқылаудан өткен, қалың оқырманның көңiлiнен шыққан үздiк, үлгiлi деген еңбектерi топтастырылған.
Жинақ қазақ, араб, парсы және түрiк әдебиетiнiң бүгiнгi зерттеушiлерiне, мамандарына, шығыстанушыларға, тiлшiлерге, әдебиетшiлерге, аудармашыларға арналған десе болады.
Бөлісу: