Қас қағым сәт

19.01.2038 9602

Поэзия – ақынның қан қысымы, жүрек қызуы десек, өмірден өткен қаламгер Е.Зікібаевтың келешек ұрпаққа қалдырып кеткен мол мұрасы соның айқын көрінісі іспетті. Ол тірлігінің соңғы жылдарында тынымсыз іздену арқылы көркемдік қиырларына шарқ ұра көтеріліп еді. Əсіресе өмір мен өлім, махаббат пен ғадауат шарпысқан шақтардан туғандай сезілетін жырларынан айрықша қуат, шабытты рух лебі еседі. Соның бəрінде Ел ертеңіне елең көңіл, өзі айтқандай, «бір беті мұң, бір беті əн» ғұмырнамасынан өрнектеген адами-философиялық ой толғамдары, жан толғаныстары мен тұнық ақыл, сергек сезім сүзекісінен өткен ғибрат бар.

Бөлісу: