Шығармалар жинағы

19.01.2038 10077
Кітапқа көрнекті жазушы, телепублицист, теледраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық телевизия жəне радио академиясының академигі, ҚР Президенті сыйлығының иегері Сұлтан Шəріпұлы Оразалының телевизия туралы мақалалары, сұхбаттары, телепьесалары мен телесценарийлері топтастырылған.

Сұлтан Оразалы – қазақ телеөнерінің негізін салушылардың бірі. Жазушының қаламынан əр түрлі жанрдағы жүздеген телесценарийлер туып, эфирде көрсетілді. Ол отыздан аса елдің əлемге əйгілі ақын-жазушы, өнер қайраткерлерімен сұхбат жүргізді. С.Оразалының телешығармалары Мəскеуден, Киевтен, Кишиневтен, Балтық жағалауы, Кавказ, Орта Азия елдерінің телеэкрандарынан көрсетілді. Оның көптеген туындылары – қазақ мəдениетінің алтын қорына қосылған еңбектер.

Кітап көпшілікке, телемаман дар мен студенттерге, телевизия тарихын зерттеуші ғалымдарға арналған.

Бөлісу: