Таудан мен жаратылғам

19.01.2038 8395

Белгілі жазушы, Жамбыл атындағы Халықаралық және Халықаралық «Алаш» сыйлықтарының лауреаты Тұрлыбек Мәмесейіт – ұлттық әдебиетімізде өзіндік орны бар қаламгер. Проза мен сын саласында қатар тер төгіп келе жатқан ол көптеген әңгімелер мен повестердің, романдардың, сыни зерттеу еңбектерінің авторы.

Жазу мәнері ешкімге ұқсамайтын, өзіндік өрнегі айшықталған қаламгер шығармаларында туған өлке, тұмса табиғат, адамзат пен жаратылыстың арақатынасы нәзік иірімдермен өрнектеледі. Ұлы табиғаттың тылсым сырлары мен тосын құбылыстарының адам болмысына тигізер әсері жүрек шымырлата өріледі. Қаламгер шығармашылығының өзіне тән ерекшелігі де осы тау табиғатының тамылжыған көріністерін адам тағдырымен, көңіл-күйімен астастырып суреттеуге шеберлігінде жатса керек.

Шығармалардың айшықты ажары, құнарлы да бейнелі тілі оқырманды баурап отырады.

Бөлісу: