Алтын жылға

19.01.2038 7178

Есімі елге белгілі көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейіт Асқарұлы Қасқабасовтың бұл жинағында жаңа дәуірдің жаңа ғасырының онжылдығында жарияланған зерттеулері, мақалалары мен баяндамалары енген. Автор ғасырлар бойы халық арман еткен тәуелсіздік мұраттары туралы сыр шертіп, оның әдебиет пен өнер тарихын зерттеуге үлкен бетбұрыс жасаған игі ықпалына назар аударады, жаһандану заманындағы әдебиеттану мен өнертанудың көкейкесті мәселелеріне терең пайымдаулар жасап, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша фольклор, әдебиет және өнер салаларында жүзеге асып жатқан ұлттық стратегиялық маңызы жоғары жобалар туралы кеңінен әңгімелейді.

Кітап ұлттық әдебиет мен өнер тарихына құмартқан зейінді қауымға арналған.

Бөлісу: